ШҚО-да шіркеуден картина ұрланған қаскөй ұсталды

0
765

Картинаның құны - 250 000 мың теңге.


ШҚО-да шіркеуден картина ұрланған қаскөй ұсталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Көкпекті ауданы Самарское ауылындағы шіркеуден өнер туындысын ұрлаған ер адамды ұстады, деп жазады Tengrinews.kz.

Күдікті қаңтардың 15-не қараған түні шіркеу аумағына кіріп, 250 000 мың теңге тұратын картинаны ұрлап кеткен.

"Көкпекті аудандық полиция қызметкерлері 29 жастағы қаскөйді ұстады. Ол шіркеуден картина ұрлаған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Заттай деректер тәркіленіп, қайтарылды", - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.