ШҚО-да "снегоходпен" аударылған қыз бала көз жұмды

0
761

2012 жылы туған қыз бала дене жарақатын алып, сол жерде көз жұмған


ШҚО-да

ERNUR.KZ. Глубокое ауданында «снегоход» аударылып, 8 жастағы қыз бала қаза тапты, деп жазады altaynews.kz.

Оқиға туралы ақпарат аудандық полиция бөліміне 25 ақпан күні жеткен.

"Малоубинка ауылының 35 жастағы тұрғыны 8 жастағы қызымен бірге ауыл маңында «снегоходпен» апатқа ұшыраған. 2012 жылы туған қыз бала дене жарақатын алып, сол жерде көз жұмған", – делінген ПД ақпаратында.

Құзырлы органның мәліметінше, оқиғаның анық-қанығы әлі де тексеріліп жатыр.