ШҚО-да "сүтке айналған" өзеннен сынама алынды

0
1 842

2023 жылғы 27 шілдеде әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының Филиповка өзенінің сүтті реңкке ие болып, ластануы туралы бейне жарияланды.


ШҚО-да

ERNUR.KZ. "Қазмырыш" ЖШС-не қатысты Филиповка өзенінің ластану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру ашылды, деп жазады baq.kz.

2023 жылғы 27 шілдеде әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысының Филиповка өзенінің сүтті реңкке ие болып, ластануы туралы бейне жарияланды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі осыған қатысты түсініктеме берді.

Осы факті бойынша экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Риддер қаласы әкімдігі және "Қазмырыш" ЖШС РТКБ Көкілдерінің қатысуымен комиссиялық сапар жүзеге асырылды. Өзеннің ластануы "Қазмырыш" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасына пульпа құбырының жарылуы нәтижесінде пайда болды. Салдарынан жер бедеріне пульпа төгіліп, кейіннен өзенге түсті, - делінген ведомство хабарламасында.

Экология департаментінің қызметкерлері химиялық талдау үшін су сынамаларынан іріктеу (ластану көзінен 500 метр жоғары және ластану көзінен 500 метр төмен) алды.

Қазіргі таңда сынама анықталу үстінде. Одан әрі ластануды жою мақсатында "Қазмырыш" ЖШС пульпа құбырларын босату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, ластанған жер учаскесі техникамен жиналып, қолданыстағы қалдық қоймасына орналастырылды. Осы факті бойынша экология департаментімен "Қазмырыш" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру ашылды. Химиялық талдаулар және су объектісі мен балық ресурстарына келтірілген экологиялық залалды бағалау нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау үшін тексеру материалдарын полиция органдарына жіберу мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады, - деп түйіндеді Экология министрлігінің мамандары.