ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

0
535

Руда тиелген екі вагон Ресейге, ал шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-ға тиесілі.


ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. 3 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Руда тиелген екі вагон Ресейге, ал шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-ға тиесілі.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларынан комиссия құрылды",- деп жазылған компания хабарламасында.