ШҚО-дағы кәсіпорында көз жұмған жұмысшының отбасына қаржылай қолдау көрсетілмек

0
412

Маралды ауылында қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан краншы көз жұмған еді.


ШҚО-дағы кәсіпорында көз жұмған жұмысшының отбасына қаржылай қолдау көрсетілмек

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы кәсіпорында көз жұмған жұмысшының отбасына қаржылай қолдау көрсетіледі, деп жазады inform.kz.

Кеше Маралды ауылында қауіпсіздік техникасының сақталмауы салдарынан краншы көз жұмған еді.

«Мырзатаев» ЖК және «Стройград» ЖШС мердігер ұйымдарының басшылығы марқұмның отбасына қолдау көрсетпек.

«Кран батып қалып, жұмысшы бульдозер жүргізушісінен оны сүйреп шығаруды сұрады. Бульдозер сырғып кетіп, екі техниканың арасында қалып қойған краншы сол жерде көз жұмған. Техника иелері – «Мырзатаев» ЖК және «Стройград» ЖШС мердігерлік ұйымдары. Жұмысшы 31 жаста болған, артында үш баласы қалды. Мердігер ұйымдардың басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, өтемақы төлеу және материалдық көмек көрсету бойынша міндеттемелерді алды», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында еңбек инспекторы жұмыс істеуде.