​ШҚО-ға оңтүстіктен қоныс аударған халық саны артып келеді

0
1 592

Жалпы қоныс аударушыларды қаржылай қолдау үшін қазынадан 11 миллион теңге бөлінген.


​ШҚО-ға оңтүстіктен қоныс аударған халық саны артып келеді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысына оңтүстік аймақтардан көшіп келушілер саны артуда, 24.kz.

Өңірде жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының «Еңбек ұтқырлығын арттыру» бағыты сәтті жүзеге асып жатыр. Мәселен, Көкпекті ауданына былтыр Алматы облысынан 12 отбасы мен 50-ге жуық азамат қоныс аударған. Олар мемлекет есебінен баспанамен қамтылып, жұмысқа тұрғызылды. Отбасындағы оқушылар мен бүлдіршіндер білім беру мекемелеріне орналасыпты. Ал көшіп келушілер бірігіп, шаруа қожалықтарын құруды жоспарлап отыр. Жалпы қоныс аударушыларды қаржылай қолдау үшін қазынадан 11 миллион теңге бөлінген. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Көки Шәмен, қоныс аударушы:

- Өкіметтің берген жәрдемақысын берді, үйімізді алдық. Азын-аулақ малымызды алдық. Енді жерімізді береміз деп отыр. Жерді берсе, алда шаруа қожалығын ашсақ деп ойларымыз бар енді сондай. Тіршілік жасаған адамға Өкімет қазір не түрлі бағдарлама жасап жатыр. Мал өсірсең, басқа жұмыс, кәсіп жасасаң деген сияқты болады ғой енді. Асхат Смаилов, Көкпекті ауданының әкімі:

- Биыл тағы да 15-20 отбасын көшіріп әкеліп, өзіміздің аз қоныстанған Биғаш деген ауылымызға мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы, сол жерден ауылшаруашылығы жерін бере отырып, үйлермен қатамасыз етіп, жұмыспен қамтамасыз етіп қоныстандыру мәселесін жалғастыратын боламыз.