ШҚО тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған

0
416

Тұрғындар дәл осындай құбылысты былтыр желтоқсанда да байқаған.


ШҚО тұрғындары

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған. Бұл видеоға қатысты ШҚО экология департаменті өкілдері түсініктеме берді, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда олар Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында қызғылт бұлтты көрген. Тұрғындар дәл осындай құбылысты былтыр желтоқсанда да байқаған.

"Желтоқсанға орай тексеру жүргіздік. Тексеріс нәтижесі бойынша "қызғылт бұлттың" пайда болуына "Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын", - дейді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.