Шолпан Каринова ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

0
452

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.


Шолпан Каринова ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын,
  • Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1994 жылы орта мектеп мұғалімі болып бастады.

  • 1998-1999 жылдары – орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • 1999-2000 жылдары – орыс сыныптарында қазақ тілінің мұғалімі.
  • 2000-2002 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленинград орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
  • 2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы Білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м. а.
  • 2004-2005 жылдары – СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.
  • 2005-2008 жылдары СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.
  • 2008-2009 жылдары – СҚО Тайынша қаласы әкімінің аппараты құрылымдық бөлімінің басшысы.
  • 2009-2012 жылдары – СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары.
  • 2012-2013 жылдары – Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.
  • 2013-2017 жылдары – СҚО Петропавл қаласы Білім басқармасы басшысының м. а.
  • 2017-2018 жылдары – ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.
  • 2018-2019 жылдары – Астана қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығының директорының орынбасары.
  • 2019-2021 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.
  • 2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін – ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі.