Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері ауысты

0
550

Ол жақында ғана зейнетке шыққан Мәдіғали Қарсыбековті алмастырды.


Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері ауысты

ERNUR.KZ. Шорт-тректен Қазақстан командасының бапкерлер штабында маңызды өзгеріс болды, деп жазады inform.kz.

Құраманың бас бапкері қызметіне Нұрберген Жұмағазиев тағайындалды. Ол жақында ғана зейнетке шыққан Мәдіғали Қарсыбековті алмастырды.

Н.Жұмағазиев Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сондай-ақ ол Әлем кубогінде, Азия ойындарында және өзге де турнирлерді медаль еншілеген.

Айта кетейік, биылғы желтоқсан айында Алматыда шорт-тректен әлем кубогының екі кезеңі өтеді. Атап айтқанда, 9-11 желтоқсанда және 16-18 желтоқсанда әлем кубогының III және IV кезеңдері ұйымдастырылады. Алматы шаһары әлем кубогы кезеңіне қатысушыларды 2018 жылы да қабылдаған болатын.