Шойынжол қатынасына қауіп төндіретін вагондар анықталды

0
503

​2017 жылдың тәжірибесіне қарамастан көлік инспекторлары Қазақстанда отандық және шетел тасымалаушылары тарапынан ақауы бар вагондарды пайдалану фактілерін анықтады,-деп хабарлайды ҚР ИДМ​.


Шойынжол қатынасына қауіп төндіретін вагондар анықталды

фото: mid.gov.kz

2017 жылдың тәжірибесіне қарамастан көлік инспекторлары Қазақстанда отандық және шетел тасымалаушылары тарапынан ақауы бар вагондарды пайдалану фактілерін анықтады,-деп хабарлайды ҚР ИДМ .

Осылайша, 2017 жылы ҚР ИДМ Көлік комитеті 17 қазақстандық және 218 шетелдік жүк вагондарын пайдалануды тоқтатты. Барлық анықталған жағдайларда вагон арбашасы құйма детальдарымен жабдықталған. Олар өз алдында сынған бүйірлік рамалармен бірге балқытылған. 2018 жылдың өткен кезеңінің ішінде осыған ұқсас заң бұзушылақтар үшін 4 қазақстандық және 54 шетелдік жүк вагондарын пайдалану тоқтатылды.

Теміржол көлігінде тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында вагондардың ақауын жойғанға дейін пайдалануға рұқсат берілмейді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет