Шу ауданының тұрғыны үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған

0
648

Күдікті қылмыстық әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Шу ауданының тұрғыны үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шу қаласының батыс бағытында орналасқан "Мақаш" шаруа қожалығында 42 жастағы тұрғын ұсталды, деп жазады stan.kz.

Тінту жүргізу барысында шаруа қожалығының аумағында орналасқан үйдің асханасынан жалпы салмағы 7 келі 712 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты салынған 2 қап, сондай-ақ тегіс ұңғылы 20-калибрлі аңшы мылтығы және 2 металл елек табылып, тәркіленді.

Күдікті қылмыстық әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін, - деп атап көрсетті облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.