Шу станциясында ер адам пойыз астына секіріп мерт болды (видео)

0
1 457

Марқұм уақытша Шу қаласында тұрып жатқан Өзбекстан республикасының азаматы екені анықталды.


Шу станциясында ер адам пойыз астына секіріп мерт болды (видео)

Қайғылы жағдай 15 ақпан күні болды. Пойыз ер адамды екіге бөліп өткен. Бейресми мәлімет бойынша, азамат өз-өзіне қол салған болуы мүмкін, деп жазады Экспресс К.

Марқұм уақытша Шу қаласында тұрып жатқан Өзбекстан республикасының азаматы екені анықталды. Пойыз станцияға келіп тоқтағалы жатқанда азамат оның астына секірген. Жалпы салмағы 931 тонна 16 вагон тұрғынды мыжып өтіп, екіге бөліп тастаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, ол өз-өзіне қол салатыны жайлы айтып жүріпті. Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.