​«ШУБА ТАСУШЫ»: Министр Әбілқасымова тағы да көптің сынына ұшырады

0
5 390

«16 мың теңге көп деп өзі шуба киеді...»


​«ШУБА ТАСУШЫ»: Министр Әбілқасымова тағы да көптің сынына ұшырады

Әлеуметтік желіде министр Әбілқасымованың тағы бір фотосы әлеуметтік желіде көптің талқысына түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Фото әлеуметтік желіде КТК арнасының журналисі Гүлмира Әбіқайдың инстаграм парақшасында жарияланды.


Бұл сурет желі қолданушыларының ашуына тиген сыңайлы. Қолданушылардың басым көпшілігі министр мен оның соңындағы тон көтерген жігітке қатысты пікірлерін ашына жазды.

«Сол шубаны киіп майлы жерде отырған адам халықтың жай-күйін қайдан білсін?!», «16 мың теңге көп деп өзі шуба киеді...», «Мәссаған, 20 000 € маған берсе мен үлкен 4-5 бөлмелі үй алар едім.... Менде көп балалы батыр анамын, жолдасым денсаулығына байланысты мүгедек болып қалды... Басымда үйіміз бар бірақ құлайын деп тұр өте ескі..... Министр ханым назар аударса екен бізге....» деген сынды желі қолданушыларының Әбілқасымоваға қатысты пікірлері таусылар емес.

Ал тон көтерген жігітке «Папка тасушы, дипломат тасушы көмекшіні көрдік, но шуба тасушы деген бірақ жігіт ту көтергендей маңғаз келе жатыр», «Мә күшті жұмыс қой бізге неге жолықпайды осындай жұмыс», «Шубасын тасудың өзі үлкен мəртебе деп келе жатыргой, ужас», «Еркек басымен, Шуба арқалаған жігіттің бет жүзі бақыттан бал-бұл жайнап тұр екен», Осынын шубасын тасып журген еркектин намысы жок екен, оданда олгени жаксы гой, мундай жумыс жасаганша» деген сынды пікірлер айтылған.

Айта кету керек, министр Әбілқасымованың соңындағы жігіт көтеріп келе жатқан тонның кімдікі екені нақты емес.