Шудағы атысқа қатысты деген күдікпен 3 адам ұсталды

0
243

​Полицейлер Жамбыл облысының Шу ауданындағы қайғылы оқиғаға күдіктілерді ұстады.


Шудағы атысқа қатысты деген күдікпен 3 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Шудағы атыс кезінде төрт адам жарақат алды. Біреуі кейінірек ауруханада көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысқандардың барлығын анықтады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты тергеу жүргізілуде, оның нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы мәселе қаралады.
Сондай-ақ тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Атыс Шу ауданында 25 қыркүйекке қараған түні болған.
23-26 жас аралығындағы төрт жігіт оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі қаза болды.