​ШҰҒЫЛ: Балаларға «газды ашық қалдыруды» сұраған аудиожазба тарап жатыр

0
1 718

Белгісіз бір әйел газды тексеруді себеп етіп 7 жастағы қызға асүйге барып, газ плитасындағы комфоралардың барлығын ашып қоюды сұрайды.


​ШҰҒЫЛ: Балаларға «газды ашық қалдыруды» сұраған аудиожазба тарап жатыр

ERNUR.KZ. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бүкіл Қазақстан тұрғындарына ЕСКЕРТЕДІ!

26-27 шілде күндері WhatsApp желісі арқылы дыбыстық хабарлама тарап жатыр. Онда өзін газ шаруашылығынан деп таныстырған белгісіз бір әйел газды тексеруді себеп етіп 7 жастағы қызға асүйге барып, газ плитасындағы комфоралардың барлығын ашып қоюды сұрайды. Бала газды ашып оның иісін сезгенін айтқан соң әлгі өзін «оператор» деген әйел оған бөлмесіне барып ойнай беруіне болатынын, сондай-ақ газдың тұтқасын жаппау керектігін айтады.

Осыған байланысты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арнайы мәлімдейді – компанияның ЕШБІР ҚЫЗМЕТКЕРІ ешқандай себеппен қоңырау шалып газ плитасының жұмысын тексермейді және ЕШҚАШАН үйдегі кішкентай балалармен сөйлеспейді.

Аталған хабарламаға орай, компания АТА-АНАЛАРДАН өтініп сұрайды.

«Балаларыңызбен жете әңгімелесіп, кім қоңырау шалса да, қандай өтініш жасаса да ешқашан да газ құрылғыларына жақындамауын және тұтқасын ашпауын түсіндірсеңіздер екен. Бұл – олардың өмірін сақтап қалады».

Сонымен қатар, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұл бойынша нақты болжам жасау ерте екендігін, компания имиджіне нұқсан келтіргісі келген болуы мүмкін екендігін де айтады. Сондай-ақ, бұл «көк кит» қағидасымен әрекет жасайтын қылмыстық топ болуы да мүмкін екендігін айтады компания.

Аудиожазба құқық қорғау органдарына жіберілген, мамандар оның қайдан тарағанын анықтауда.