Шығыс Қазақстан аңшылары түсі ерекше қара қасқырды атып өлтірді

0
3 593

Қасқырдың ерекше түрі Канада ормандарын мекендеуі мүмкін


Шығыс Қазақстан аңшылары түсі ерекше қара қасқырды атып өлтірді

ERNUR.KZ. Тарбағатай ауданында жергілікті аңшылар төңіректегі ауыл-аймақтың малына шабуылдап жүрген бір үйір қасқырды атып алды, деп жазады ustinka.live.

«Өмірімде мұндай қасқырды бұл төңіректен көрген емеспін. Сарғыш жүнді және сұр түстісін көргем – ал қара түсті қасқырды бірінші рет көруім. Тек мұндай қасқырлар Канада мен тундра ормандарында болады деп естуім бар. Ал Тарбағатайда бар дегенді көрмек түгілі естіген де емеспін» - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Аңшылардың сөзіне қарағанда, сирек кездесетін қара түсті жыртқыштардың үшеуі ұрғашы қасқырлар болса, төртіншісі жас төлі екен. Бұл үйір бірнеше аптадан бері тау жақтан түсіп, аймақтағы ауылмалдарын қырып кетіп жүрген көрінеді. Сондықтан да өзге де қауіптердің алдын алу үшін ауыл тұрғындары арнайы мамандарға хабарласуға мәжбүр болған.