Шығыс Қазақстан облысында 3.9 балдық жер сілкінісі болды

0
339

Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте болған.


Шығыс Қазақстан облысында 3.9 балдық жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 11 шілде Алматы уақытымен 23 сағат 32 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 754 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0, магнитудасы – 3.9.

Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Мәлімет 12 шілде күні таңғы сағат 04.27 кезінде жарияланды.