Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

0
382

Глубоковксий ауданының тұрғындары қылмыс болғандығы туралы дабыл қаққан.


Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ер адам ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Глубоковксий ауданының тұрғындары қылмыс болғандығы туралы дабыл қаққан. Тұрғындардың айтуынша, күдікті кішкентай қызды күндіз қорлап, кейін Глубоковский ауданы Кожохово ауылының маңына жасырынбақ болған. Тұрғындар әлеуметтік желіде ақпарат тарата бастады. Сол сәттен бастап елді мекендердің кіре берісіне полиция патрульдері қойылды.

Ер адам қамауға алынып. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптамалар тағайындады", - деді ШҚО полиция департамент қызметкерлері.

Сондай-ақ ПД өкілдері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.