Шығыс Қазақстан облысында боранда адасып кеткен екі шопан табылды

0
692

Қатты аяз бен бораннан 1963 және 1983 жылы туылған ер адамдар іздестірілді.


Шығыс Қазақстан облысында боранда адасып кеткен екі шопан табылды

ERNUR.KZ. Соңғы күндері ауа-райының күрт бұзылауына байланысты елде төтенше жағдай көбейген. Өткен тәулікте құтқарушылар ШҚО-да жоғалып кеткен шопандарды тауып алды, деп жазады Экспресс К.

ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 қарашада аталған департамент құтқарушыларына Зайсан ауданының шаруа қожалығының басшысы жүгінген. Ол Қаратал ауылының маңында мал табыны жоғалып кеткенін айтып, оны ауа-райының қолайсыздығынан іздеуге екі шопан аттанғанын хабарлапты. Бораннан олар жоғалып кеткен еді. Кейін Шығыс Қазақстан облысындағы ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын "КУНГ" автокөлігімен көмекке келген.
Қатты аяз бен бораннан 1963 және 1983 жылы туылған ер адамдар іздестірілді. Солардың бірі, 1963 жылы туған ер адам "Жадыра" шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылды, екіншісі өз бетімен оралды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет емес”, — делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ жол бойында №25 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушыларына тағы бір өтініш келіп түскен. "Мазда" маркалы көлікте тұрып қалған үш ер адам қар құрсауында қалып, шығарып алыңыз деп көмек сұраған. Ақсиыр учаскесіне 5 шақырым жетпей, оларды құтқарушылар тауып, елді мекенге жеткізді.
Айта кетейік, ШҚО ТЖД бір күн бұрын дауылдың алдын алу, қатты боран мен катты аяз болатыны туралы ақпарат таратқан болатын.
Азаматтардан қолайсыз ауа-райында елді мекендерден кетпеуін сұраймыз. ШҚО-да аяз бен боран жалғасуда, тауларда қар көшкіні қаупі бар. ТЖ қызметінің ұсынымдарына түсіністікпен қараған жөн. Жолдардың жай-күйін Дармен мобильді қосымшасынан біліңіз, — деп жазды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.