Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

0
706

Қар көшкіні Өскемен-Алтай автожолын жауып қалды.


Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп жазады inform.kz.

«26 қарашада қалың жауын-шашын мен қатты жел салдарынан «Өскемен-Алтай» автокөлік жолының 65-километрында алдын ала жабылған трассада қар көшкіні болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 2 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 26-28 қараша күндері аймақтың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бары ескертілді.