Шығыс Қазақстан облысында сот төрағасы әйелге шабуыл жасады деген күдікке ілінді

0
456

Өткен аптада зейнеткер мен оншақты көліктің зақымдаған ұрып-соғу оқиғасы жұртты шулатты.


Шығыс Қазақстан облысында сот төрағасы әйелге шабуыл жасады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ернар Ерболатов бұзақылық істі тергеуде айыпталушы болды, деп жазады zakon.kz.

Өткен аптада зейнеткер мен оншақты көліктің зақымдаған ұрып-соғу оқиғасы жұртты шулатты. Шабуылшы Фемиданың қызметкерінің аттасы деп саналды. Бірақ әйелді тепкілеп, көлікті қиратқан судьяның өзі екені белгілі болды. Қалай дегенде де, іс материалдарында осылай жазылған.

15 қараша күні таңғы сағат 4:30-да бұзақыны полицейлер ұстады. Прокуратура Ернар Ерболатовқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 293-бабы, 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

"Бас Прокуратура Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 550-бабының талабына сай, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ерболатов Ернар Ерболатұлына қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісті. Қазір ШҚО Полиция департаментінің тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалын жүргізіп жатыр".Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Аймат Байшолақов