Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялады

0
653

Олардың пікірінше, бұрынғы уақытқа қайту халықтың әл-ауқатын жақсартып, қатерлі ісік, рахит, иммунитет тапшылығы және психологиялық бұзылулардың алдын алады.


Шығыс Қазақстан тұрғындары бұрынғы уақытты қайтаруды сұрап, петиция жариялады

ERNUR.KZ. Еліміздің шығысында тұратын қазақстандықтар уақытты өзгертуден бас тартуды талап етіп петиция жариялады, деп жазады stan.kz.

Олардың пікірінше, бұрынғы уақытқа қайту халықтың әл-ауқатын жақсартып, қатерлі ісік, рахит, иммунитет тапшылығы және психологиялық бұзылулардың алдын алады.

"Уақыттың ауысуы нәтижесінде туындауы мүмкін мәселелерді шешуге назар аударып, аймақтағы жағдайды жақсартатын ымыралы шешім табу керек. Өйткені бұрын 1 сағатқа ерте қараңғы болса, қазір 2 сағат. Келешекте бұл мәселелерді шешу өңірдің дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға қолайлы жағдай туғызады", – делінген петиция мәтінінде.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан еді. Уақыт белдеуін ауыстыру туралы ұсынысты “Аманат" партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл айтқан еді. Ал 19 қаңтарда бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу туралы қаулыны Қазақстан үкіметі қабылдады.