Шығыс Қазақстанда 16 жастағы балаға найзағай түсіп қайтыс болды

0
2 594

​Қайғылы жағдай кеше кешкілік уақытта жер үйдің ауласында болды.


Шығыс Қазақстанда 16 жастағы балаға найзағай түсіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда найзағай соғуы әсерінен 16 жастағы жасөспірім қаза болды, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай кеше кешкілік уақытта жер үйдің ауласында болды. Семейдің іргесіндегі Чекоман ауылында ауа райы бұзылып тұрған кезде 16 жастағы бала үй ауласында болып, сол кезде найзағай соққан.

«Ол алған зақымы салдарынан көз жұмды», - делінген ШҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері найзағай ойнаған кезде жабық жерде отыру керектігін айтады. Егер найзағай жарқыраған кезде ашық жерде тұрсаңыз, қатар өшкен ағаштардың ығына тұрудың қажеті жоқ. Ондай кезде әсіресе емен, қарағай, терек, шыршаның астына тығылу өте қауіпті.