Шығыс Қазақстанда әскери қызметші сотталды

0
448

Ол адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылды.


Шығыс Қазақстанда әскери қызметші сотталды

ERNUR.KZ. Семейде 27 жастағы әскери қызметкер сотталды. Ол жол-көлік оқиғасы үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Алтайньюс.

ҚР Қорғаныс министрлігі 64471 әскери бөлімінің ефрейторына үкім шығарды. Сотта оқылған мәліметке сүйенсек, жол апаты былтыр күзде ШҚО автожолында болған. Тергеу материалдары бойынша, әскери қызметкер 24 жастағы досымен бірге Өскеменнен Семейге жолға шыққан.

"Жолдың 136-62 шақырымында Toyota Carina жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамағандықтан тізгінді басқара алмай, көлік жол шетіне аударылып кетті", - делінген Сот құжатында.

Апат кезінде шетелдік көлік бірнеше рет аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әскери қызметкер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, ал оның досы оқиға орнында қайтыс болды. Жас жігіттің денесі көліктен 15 метр қашықтан табылды. Сот сарапшыларының қорытындысы бойынша, жүргізуші асыққан жылдамдықпен жүріп, маневр жасағаннан кейін көлікті басқара алмай қалған.

Сотта әскери қызметкер өз кінәсін толық мойындап, жәбірленуші тарапқа көңіл айтты. Бірақ марқұмның әкесі оны кешіруден бас тартып, бас бостандығынан айыруды өтінді.

Сот сотталушыны абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру тағайындалды.

Ер адам үкім жарияланғаннан кейін бірден қамауға алынған. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот оны жәбірленушіге келтірілген моральдық зиян үшін 4 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Сот мәліметі бойынша, үкім заңды күшіне енген жоқ.