Шығыс Қазақстанда бір аптада 55 рет орман өртенді

0
428

Өрттің жиілеуіне күннің қатты ысуы себеп болған.


Шығыс Қазақстанда бір аптада 55 рет орман өртенді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Мемлекеттік орман қорының 136 гектарын жалын шарпыды, деп жазады altaynews.kz

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, бұл рекордтық көрсеткіш. Өрт шалған жалпы аумақ – 10,09 гектар. Өрттің жиілеуіне күннің қатты ысуы себеп болған көрінеді. Сондықтан мамандардың айтуынша, қауіп әлі сейілген жоқ.

"Мәселен 25-28 мамыр аралығында «Зайсан орман шаруашылығы» КММ Қаратал орманшылығы аумағында екі ірі орман өртенді. Мемлекеттік орман қорының 136 гектарын жалын шарпыды... Аймақ тұрғындарына орман-тоғайға бармауға кеңес береміз", – дейді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері.