Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

0
839

​Қыс басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.


Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстағы таулы аймақтарда қар қалың жауғандықтан мамандар қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Көшкін түскенде кезде жолдар жабық болған.
ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көшкін қарды бірден тазалаған.
- Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік" тасжолының учаскесінде жалпы көлемі 150 текше метр қар көшкіні жүрді. Бұл уақытта аталған жол жабық болатын. Жауапты мекемелердің жұмысшылары жолды бірден тазартты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары қар көшкінін жасанды жолмен де түсіріп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бері өңірде 80 000 текше метрден астам қар түсірілген.
Еске салсақ, 5 қаңтарда дәл осы тасжолдың бойында қар көшкіні жүрген болатын.