Шығыс Қазақстанда карантин мерзімі қайта ұзартылды

0
246

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес, қайта қаралуы мүмкін.


Шығыс Қазақстанда карантин мерзімі қайта ұзартылды

ERNUR.KZ. Өңірде коронавирустық инфекциямен ауырғандар көрсеткішінің күрт өсуіне орай карантиндік шаралар қайта ұзартылды, деп жазады baq.kz.


Бүгін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің карантиндік шараларды күшейту жөніндегі кезекті №11-қаулысы шықты.

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерін қарап, соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың өсу деңгейін анықтадым: облыс бойынша - 9,3%, Өскемен - 14,3%, Семей қалалары бойынша - 17,8%, - делінген құжатта.

Осы себепті, облыстың барлық аумағында карантиндік іс-шаралар 2020 жылғы 13 маусымға дейін ұзартылды. Дегенмен, шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес, қайта қаралуы мүмкін.

Карантиндік іш-шаралар сақталған мерзімде Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан Шығыс Қазақстан облысына кіру/шығу кезінде сыртқы шекараларындағы блокпосттар жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Аудандар мен қалалар арасындағы сыртқы блокпосттарда міндетті термометрия жүргізіліп, санитариялық-дезинфекциялық режим сақталады. Сондай-ақ, блокпосттар арқылы көліктің кіріп-шығуы тек жергілікті атқарушы органдармен берілген қызыл немесе көк түсті арнайы рұқсаттамалар бойынша рұқсат етіледі.

Қаулыға сәйкес, Семей, Өскемен қалаларын қоспағанда, аудандар мен қалалардың әкімдері 2020 жылғы 30 мамырдан бастап коммерциялық моншалардың, сауналардың, түнгі клубтар (дискотекалар), барлар, караокелер, кальян тарту орындарының қызметін қоспағанда субъектілердің/объектілердің кәсіпкерлік пен (немесе) өзге де қызметінің барлық түрлерін қайта бастайды. Ал Өскемен қаласында алаңы 2 мың шаршы метрден асатын сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмысына қойылатын шектеулер жалғаса береді.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет