Шығыс Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын 4 бала коронавирус жұқтырды

0
409

Коронавирус инфекциясына шалдыққан балалар шағын жинақталған мектептерде оқиды.


Шығыс Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын 4 бала коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха, Көкпекті және Алтай аудандарындағы мектеп оқушылары коронавирус жұқтырған, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айынан бастап өңір мектептеріндегі кезекші сыныптардағы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 4 жағдайы тіркелді.

Олар – Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушылары, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы.

«Коронавирус инфекциясына шалдыққан балалар шағын жинақталған мектептерде оқиды. Қазірде Шемонаиха, Алтай аудандарындағы 2 мектептің кезекші сыныптары және Көкпекті ауданындағы бір мектеп 14 күнге карантинге жабылған. Білім ордаларындағы коронавирус инфекциясының ошағы болған сыныптарды қашықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шықты. Қауіпті дерт анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы дезинфекциялау шаралары жүргізілді» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ШҚО мектебінде оқушыдан коронавирус табылғаны хабарланған болатын.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет