Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер қарт әйел мен оның баласын соққыға жықты

0
1 437

Тұрғындардың айтуынша, мемлекеттік қызметкер мас болған.


Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкер қарт әйел мен оның баласын соққыға жықты

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылының тұрғындарын мемлекеттік қызметші соққыға жыққан, деп жазады sputnik.kz.

"Қабанбай ауылы тұрғындарының айтуынша, ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының инспекторы мас күйде көлік жүргізіп келіп, қарт әйел мен оның ұлын ұрған. Мемлекеттік қызметкер оларды шөбімді өртеп жібердіңдер деп айыптаған", - делінген ақпаратта.
Бұл оқиғаны облыстық полиция да растап отыр.
"Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті күдіктіні ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза кесілді", - дейді ведомство.
Полицияның айтуынша, мемлекеттік қызметкер жәбірленушілерді өз ақшасына емдетеді.