Шығыс Қазақстанда полицейді ұрған ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді

0
935

Сондай-ақ оған 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.


Шығыс Қазақстанда полицейді ұрған ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді

ERNUR.KZ Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында полицейді ұрған ер адам 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, түнгі уақытта 36 жастағы ер адам такси жүргізушісіне жол ақысын төлеуден бас тартқан. Сол кезде жүргізуші мас жолаушыны қалалық полиция бөліміне алып келеді.

«Ол полиция бөлімшесінде де дөрекі мінез танытып, балағат сөздер айтып, такси жүргізушісін қорқытуын тоқтатпаған. Сол кезде полиция қызметкерлері Риддер тұрғынын тәртіпке шақырады. Бірақ ер адам бұл талапқа бағынбай, заңсыз әрекеттерін жалғастырып, инспектордың бетінен екі рет ұрып жіберген», - делінген ақпаратта.

Сот шешімімен 36 жастағы айытпалушы кінәлі деп танылды. Оған 40 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тарту және 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.