Шығыс Қазақстандағы табиғи өрттер сөндірілді

0
607

Бұған дейін Шығыс Қазақстандағы Приморск орманшылығында өрт шыққаны хабарланған болатын.


Шығыс Қазақстандағы табиғи өрттер сөндірілді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда барлық табиғи өрт сөндірілді, деп жазады tengrinews.kz.

Өртсөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күш-жігерімен Ұлан ауданында Приморск орманшылығында және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығында құрғақ өсімдіктердің өртенуі жойылды.

Ұлан ауданындағы 2023 жылдың 26 маусымынан бастап өртпен күресіп, жалпы ауданы 5 га жетті, ал Өскемен қаласының шетіндегі өртпен кешегі түскі бастап арпалысып 14,2 га алаңда сөндірілді.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстандағы Приморск орманшылығында өрт шыққаны хабарланған болатын.

ТЖМ мәліметінше, 26 маусымда "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында шамамен 5 га аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді. МИ-8 тікұшағы өртті сөндіру үшін десант пен су жеткізді.

Өрт шыққан жерде орманшылардан, ШҚО ТЖД-дан және ЖАО-дан 126 адам, 18 техника жекелеген түтін ошақтарын сөндірді.

Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен, таулы, жартасты жағдайлармен қиындатылған. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ.