Шығыс шаһарында «Нұр-шаурма» ашылды

0
1 037

Тұрғындар аталмыш жаңалықты қызу талқыға салып жатыр.


Шығыс шаһарында  «Нұр-шаурма» ашылды

ERNUR.KZ. Өскеменде «Nyr-Shaurma» ашылды, деп жазады altaynews.kz.

Бастапқыда «Нұр» сөзі Қазақстан азаматтарының тегіне қосылады деген ақпарат тарады. Содан кейін автокөліктердің «Nyr-номерлері» пайда болды. Алайда бұл жаңалықтарды ІІМ тегіс жоққа шығарды. Ал Шығыс шаһарында «Nyr-Shaurma» шыныменде ашылды. Қаланың Ивушка ауданында.

Тұрғындар аталмыш жаңалықты әлеуметтік желілерге жарыса жазып, қызу талқыға салып жатыр.

«Креатив. Басқа да жекекәсіпкерлер үлгі алсын!» деген пікірлер де жазылып жатыр. Сондай-ақ желі қолданушылары: «Енді Нұр-арақ шықсын, оған қоса нұр-шашлык жеп отырайық» деген ойларын да ортаға салды.