Шығысқазақстандық әйел Tik-Tok-тағы видеосы үшін 4 күн көше сыпыратын болды

0
562

Танысымен жанжалдасып қалған әйел Tik-Tok әлеуметтік желісіне 20 секундтық видео жариялаған.


Шығысқазақстандық әйел Tik-Tok-тағы видеосы үшін 4 күн көше сыпыратын болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны Tik-Tok-та видео түсіріп, ауылдасының ар-намысына тигені үшін сот алдында жауап берді, деп жазады ulysmedia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, танысымен жанжалдасып қалған әйел Tik-Tok әлеуметтік желісіне 20 секундтық видео жариялаған. Мұны көрген ауылдасы бұл видео оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтынын айтып, сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен әйел адам 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. 24 жастағы аудан тұрғыны пробация қызметінің есебіне алынып, қоғамдық жұмыстарды атқару үшін әкімдікке жіберілді. Енді ол күніне төрт сағат бойы көше тазалайды.

«Пробация қызметінің инспекторлары әйелдің жұмысты орындауын бақылайды. Егер ол қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заң шеңберінде шара қолданылады», - дейді Шемонаиха аудандық пробация қызметінің басшысы Гүлмира Бөлекбаева.