Шымбұлақтағы аспалы жол 2 айға жабылды

0
2 418

2 қыркүйек пен 15 қазан аралығында таңнан кешке дейін экоавтобустар жүреді.


Шымбұлақтағы аспалы жол 2 айға жабылды

ERNUR.KZ. Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортындағы аспалы жолы 2 айға жабылады, деп хабарлайды almaty.tv.

Курорт басшылығының хабарлауынша, 2 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Медеу-Шымбұлақ аспалы жолы профилактикалық жөндеуге жабылады. Мұндай жұмыстар жылына екі рет жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

«Биыл Медеу мен Шымбұлақ арасында қатынау үшін арнайы экоавтобустарды рейске қосамыз. Бұл көліктер жолаушыларды таңғы 10:00-ден 18:00 аралығында Шымбұлаққа дейін, одан кері тасымалдайтын болады. Билеттерді стансада орналасқан кассадан алуға болады», – деп атап өткен курорт басшылығы Іnstagram-дағы парақшасында.