​Шымкент - жылу тарифі ең қымбат үш қаланың қатарында

0
880

Алғашқы үштікке үшінші мегаполистен бөлек Алматы мен Атырау қаласы да кіреді.


​Шымкент - жылу тарифі ең қымбат үш қаланың қатарында

ERNUR.KZ. Соңғы бір жылда жылудың бағасы 14%-ке арзандаған. Жылу тарифінің төмендеу көрсеткіші ірі қалалардың ішінде әсіресе Көкшетау, Шымкент пен Талдықорған қалаларында байқалып отыр, деп жазады Finprom.kz.

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Үкіметі коммуналдық қызметтердің бағасын төмендеткен болатын. 2018 жылдың желтоқсан айы мен2019 жылдың қаңтар айы арасында жылудың бағасы 5,5 %-ке төмендеп, 1 ГКал бағасы 3769,92 теңгені құраған.

2019 жылдың тамыз айының соңында ҚР бойынша орта есеппен 1 ГКал бағасы 3440,4 теңге – яғни, өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 14%-ке төмен болып отыр. Бұған дейін орталықтандырылған жылу тарифінің жыл сайын орта есеппен 6,7%-ке өсуі байқалған еді. Ең жоғары өсу 2016 жылдың тамыз айының соңында байқалған – бірден 23,7%-ке көтерілген болатын.

ҚР қалаларының ішінде жылу тарифінің ең төмен көрсеткіші Көкшетау қаласында – бірден 62%-ке төмендеген. Сонымен қатар, тарифтің төмендеу көрсеткіші бойынша екінші орында Шымкент – 25,3%, ал үшінші орында Талдықорған қаласы – 20,1%.

Бүгінде жылу тарифінің ең арзаны Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында. Ал ең жоғарысы Алматы мен Шымкент және Атырау қалаларында болып отыр.