Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап кетті

0
1 730

"ОЛАКС" ЖШС аумағында ер адамның битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы ақпарат түскен.


Шымкентте ер адам битум құйылған бөшкеге құлап кетті

Шымкентте ер адам бөшкедегі битумға батып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция департаментінің мәліметінше қайғылы оқиға 11 тамызда таңғы 08:56 шамасында "ОЛАКС" ЖШС аумағында ер адамның битум құйылған темір бөшкеге құлап кеткені туралы ақпарат түскен.


Құтқару бөлмінің қызметкерлері жедел оқиға орнына жетіпті. Тыныс алу аппараты мен альпинистік жіптерді пайдаланып ер адамды алып шыққанымен, оны құтқару мүмкін болмаған.

"Мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері мәйітті жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырды", – делінген хабарламада.