Шымкентте жолға таласқан трактор мен жүк көлігі соғысты

0
1 334

«Howo» маркалы жүк көлігі бір бағытта кетіп бара жатқан тракторға соғылған, 5 адам зардап шекті


Шымкентте жолға таласқан трактор мен жүк көлігі соғысты

фото:Baq.kz

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Шымкент қаласында трактор мен жүк көлігі жолға таласып соқтығысып қалды. Зардап шеккендер бар, деп жазады Baq.kz.

«Howo» маркалы жүк көлігі бір бағытта кетіп бара жатқан тракторға соғылған. Нәтижесінде трактордың адамдар отырған тіркегіші аударылып қалған. Олардың барлығы «Байтерек ЛБ» компаниясының жұмысшылары болып шықты.

«Трактор да мен де бір бағытта кетіп бара жаттық, содан екеуіміз де КамАЗды басып оздық, алайда трактор бірден мен жаққа бұрды, тежегішті басқаныммен оны барып ұрдым. Жолды сол сәтте ғана жуған екен, сондықтан соғылудан қашып құтыла алмадым», -дейді жүк көлігінің жүргізушісі Айдын Әбдірешов.

Трактор жүргізушісі Сәбит Түлентаев өз кезегінде кері айналатын болғандықтан бұрылу шамын жақпағанын айтуда.

Қатты соққыдан трактордың тіркегіші аударылып кеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері 3 ер адам мен 2 әйелге алғашқы көмек көрсеткен.

Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтауда. Дегенімен олар нақты бір бұзушылықты тіркеп қойған: тіркегішпен адам тасуға үзілді-кесілді тиым салынған.