Шымкенттен Түркістанға көшетіндерге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

0
1 338

ҚР Парламенті Мәжілісінің Есеп комитетінің отырысында бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні мәлім болды


Шымкенттен Түркістанға көшетіндерге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қаржы министрі міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіруге бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Есеп комитетінің отырысында Қаржы министрінің міндетін атқарушы Берік Шолпанқұлов депутаттарға 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды.

Осы орайда басшы Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіруге алдағы жылы бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Бюджет жобасы республикалық маңызы бар Шымкент қаласы мен Түркестан облысы деп бөлінген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-территориялық бөлінуіне шығындарды бөлуді қарастырады. Шымкент қаласын бюджет қаржысымен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 1,2 млрд теңге бөлу қарастырылған. Ал Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіру үшін 2,4 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалпы 2019 жылы республикалық бюджет есебі қаржысынан өңірлерге 2,6 трлн теңге бөлінеді. Бұл бюджет шығысының 24% құрайды», - деді Берік Шолпанқұлов отырыста.