Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

0
833

Президенттің күзет қызметінің бұрынғы бастығы енді төтенше жағдайлар министрлігін басқарады.


Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Төтенше жағдайлар министрі қызметіне Шыңғыс Әрінов бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген Ақорданың ресми сайтында.


Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінде оқыған. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, мамандығы – құқықтану.

Азаматтық авиация академиясы, мамандығы "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану".

2006-2022 жж. Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызмет;

2022 жылғы қаңтарда президент Өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалған.

ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.