СІМ Болгарияда қазақстандық жасөспірімнің соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді

0
667

Оқыс оқиға бірнеше қазақстандық команда да болған жасөспірімдер арасындағы чемпионат кезінде болған.


СІМ Болгарияда қазақстандық жасөспірімнің соққыға жығылуына қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров болгар жаттықтырушысының қазақстандық баланы ұрып-соққаны туралы желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Ол тараптар бір-біріне шағымданудан бас тартқанын нақтылады, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиға бірнеше қазақстандық команда да болған жасөспірімдер арасындағы чемпионат кезінде болған. Олар бұл туралы СІМ мен елшілікті құлағдар еткен емес.

"Кез-келген спорттық матч кезінде болатын, әдеттегі жанжал (...). Біздің дипломаттар жағдайға араласып, оқиға орнына жергілікті полиция да болды. Тараптар өз түсініктемелерін беріп, талаптардың бір-біріне шағымдары болмауына байланысты тәртіпті сақтау туралы хаттамаға қол қойды. Яғни, тараптар бір-біріне қатысты шағымдардан бас тартты және мәселе татуласу арқылы шешілді. Ешкім арыз жазған жоқ. Мен жаттықтырушымен және ата-аналармен де сөйлестім, олар аман-есен, 26 тамызда елге келіп те алды".Айбек Смадияров

Бірақ Қазақстан елшілігі мән-жайларды анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін Болгария СІМ-не және қала полициясына өтініш жолдаған. Сондай-ақ, турнир аяқталғанға дейін қазақстандық қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы қала әкімшілігімен және жергілікті полициямен уағдаластыққа қол жеткізілді.