СІМ қазақстандық студент ұрланып, "Вагнер" құрамында соғысқа жіберілді деген ақпаратқа пікір білдірді

0
2 358

БАҚ-та наурыз айында 23 жастағы қазақстандықты – Томск университетінің студентін әскер жасақтаушылар күштеп алып кеткені туралы жазылған болатын. Ал сәуір айының ортасынан бері ол ұрыс болып жатқан аймақта жүрген көрінеді.


СІМ қазақстандық студент ұрланып,

ERNUR.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қазақстандық ұрланып, "Вагнер" ЖӘК құрамында соғысқа жіберілді деген ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Біздің қолымыздағы мәліметтерге сүйенсек, аталған Қазақстан азаматы "Вагнер" (ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым) жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігі осы азаматтың туыстарының өтініші негізінде Ресей Федерациясының құзыретті органдарына сауал жіберді. Ақпарат тексерілу үстінде. Консул азаматтың туыстарымен тұрақты байланысып отыр", - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.