СІМ Киевтегі "қазақстандық дипломаттың" видеосын тексеріп жатыр

0
2 480

15 ақпанда қазақстандық Telegram-арналарда "шетелдегі қазақстандық дипломаттармен болған жанжал" туралы жазба жарияланды.


СІМ Киевтегі

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Украинадағы елшілігі қызметкерімен болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

15 ақпанда қазақстандық Telegram-арналарда "шетелдегі қазақстандық дипломаттармен болған жанжал" туралы жазба жарияланды. Жазба сипаттамасында Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері жол ережесін өрескел бұзғаны және "Зупини лося" белсенділерінің видеосына түсіп қалғаны туралы жазылған. Қоғам белсенділері кінәліні жазалауды талап етіп, Украина мемлекеттік органдарына хат жолдады.



Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. СІМ өкілдері кейін толық түсініктеме беруге уәде етті.