СІМ Мадридте зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

0
2 296

Жарылыс сегіз қабатты ғимараттың бес қабатын толығымен қиратты.


СІМ Мадридте зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанның консулы Мадридтегі жарылыстан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр, деп жазады zakon.kz.

Биылғы жылы 20 қаңтарда (жергілікті уақытпен сағат 15:00 шамасында) Мадрид қаласында Толедо көшесіндегі ғимараттардың бірінде жарылыс болды.

Мадридтегі Қазақстанның консулы жергілікті билікпен байланыс ұстап отыр. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Болжам бойынша, тұрмыстық газдан болған жарылыс болуы мүмкін. Жарылыс сегіз қабатты ғимараттың бес қабатын толығымен қиратты.

Ғимарат жанында тұрған көліктер де зақымданған.

Төтенше жағдайлар қызметі мен полиция сол жерде жұмыс істеді. Оқыс оқиғадан кейін көрші ғимараттар эвакуацияланды.

Кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлады қала мэрі Хосе Луис Мартинес Альмейда. Жарақат алғандар - алтау, біреуінің жағдайы - өте ауыр.