Синоптиктер Қазақстанда аяз қашан басылатынын айтты

0
699

15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.


Синоптиктер Қазақстанда аяз қашан басылатынын айтты

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 14-16 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, ашық болады, бірте-бірте аяздың беті қайта бастайды.

"Қазақстанның шығысында арктикалық антициклонның орталығы орналасады, сондықтан мұнда төмен, аязды температура сақталады", – дейді синоптиктер.

15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, қар жауады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл соғады.

Түнде ауа температурасы:

  • батыста -5-15° дейін;
  • солтүстік-батыста және орталықта -10-25°дейін;
  • солтүстікте -17-28°;
  • оңтүстікте -5-18°;
  • оңтүстік-шығыста -10-25° дейін біртіндеп көтеріледі деп болжанды.

Қазақстанның шығысында -30-40° аяз болады.