Сирек кездесетін кітаптардың музейі ашылды

0
2 401

Көлемі небәрі сіріңкенің қорабындай ғана болатын кітаптар да бар


Сирек кездесетін кітаптардың музейі ашылды

ERNUR.KZ. Оралда ашылған музейдегі көне жәдігерлер қатарында көлемі небәрі 3-5 сантиметр ғана болатын кітаптар да бар. Сіріңке қорабындай әдебиеттерді оқи отырып, Байрон, Гейне сияқты классиктер шығармаларымен танысуға болады, деп жазады 24.kz.

Келесі бір бөлім латын графикасымен басылған қазақ кітаптарына арналған. Бұдан 200 жыл бұрын басылған, яғни реформаға дейінгі орыс орфографиясының үлгілері де көңіл аударарлық. Сонымен қатар қазақ классиктерінің шығармалары мен қолжазбалары, өлкетанушылардың Ақжайық өңірінің тарихы мен табиғаты туралы жазған жазбалары да құнды мұралар қатарында.

"Музей ашуға мұрындық болған Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана қорында күні бүгін 370 мыңдай кітап бар. Соның ішінде 16 мыңдайы – сирек кездесетін кітаптар. Айта кетерлігі, биыл ашылғанына 147 жыл толатын бұл кітапхана – еліміздегі ең байырғы нысанның бірі. Көлемі кішкентай кітаптар – бұл үлкен кітаптардың көшірмесі. Ең қызықты, кітап Пермь мұражайының көркем коллециясы сериясымен шыққан 20-дан астам фарфордың түрі сақталған насихатаушы Фарфор кітабы. Кітапхана қорындағы сирек басылымдарды сақтау және оларды жинақтау әрі көпшіліке насихаттау мақатында ашып отырмыз" - дейді Аягүл Нуфтулина, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының бөлім жетекшісі.

Бұл мұражай қазіргі заманға сай, сайттан өзінің тіркелген кітаптарын табуға болады.