Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты

0
559

Тоқаевтың атына Сирия президентінен жеделхат келіп түсті.


Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Тоқаевтың атына Сирия президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
"Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды", – деп жазылған жеделхатта.
Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберген болатын. Мемлекеттік материалдық резервтен консервіленген өнімдер, жылы киім-кешектер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Гуманитарлық жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша Алеппо қаласына әуе рейстерімен жеткізілді.