Сиырды үй төбесіне кранмен көтерген: нысан басшысы кешірім сұрады

0
2 610

Қызметкерлер оқиғаның барлық қатысушысын ұстады.


Сиырды үй төбесіне кранмен көтерген: нысан басшысы кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Салынып жатқан учаске ғимаратының басшысы сиырға қатысты болған жайт үшін кешірім сұрады. Үш ер адамның кешірім сұраған видеосын Нұр-Сұлтанның полиция өкілдері жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен бүгінгі оқиға болған салынып жатқан нысанның басшысымын. Болған оқиғаға қатысты қоғамнан кешірім сұрайын деп едім. Жаман ой болған жоқ - Құрбандық жасап, етті жағдайы төмен отбасыларға бергіміз келген, бірақ... Тағы да ел азаматтарынан болған жайтқа байланысты кешірім сұраймын", - деді ер адам.


Полицейлер оқиға 15 ақпанда сағат 11.30-да Нәжімеденов көшесінде салынып жатқан тұрғын үйде болғанын айтты.

"Қызметкерлер оқиғаның барлық қатысушысын ұстады. Бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Заңға сәйкес шара қолданылады", - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, бүгін Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер сиырды үй төбесіне көтергені хабарланды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.