"Сізге тағы не керек": Сағынтаев Rixos қонақүйіндегі еврейлер жиналысына байланысты Бекшинге шүйлікті

0
450

Сағынтаев әлеуметтік желілерде және барлық БАҚ-та карантин режимінің бұзылғаны анық көрінетін бейне және фотосуреттер жарияланғанын мәлімдеді.


ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Rixos қонақүйінде еврей қауымының жиналысы өткізілгені үшін неге айыппұл салынбағаны туралы есеп берді, деп жазады Stan.kz.

"Хаттама шығарылды. Аудан әкімдігінен біз мониторинг тобынан бұзушылықты растайтын барлық рапорттарды күтеміз. Растайтын құжаттарды алғаннан кейін біз ұйымдастырушыларға айыппұл саламыз", – деп түсіндірді Бекшин.

Өз кезегінде Сағынтаев әлеуметтік желілерде және барлық БАҚ-та карантин режимінің бұзылғаны анық көрінетін бейне және фотосуреттер жарияланғанын мәлімдеді.

"Растайтын құжаттар БАҚ-та жарияланды. Сізге тағы не керек?", – деді әкім Бекшинге.

"Алгоритмге сәйкес бізге түсіндірме қажет, бұл құжаттардың барлығы әкімшіліктен. Тек мониторинг тобы ғана құқылы", – деп жауап берді Бекшин.

акт айқын, шешім қабылдау керек. Онда тағы не дәлелдеу керек? Барлығы біледі", – деді Сағынтаев.