"СҚ-Фармация" басшысының кеңесшісі қызметтен кетті

0
632

Бұрын Искаринова Facebook желісіндегі парақшасында журналистерді "хайп" жасағасы келеді деп айыптап, "жұмыс істеуін" сұраған.


ERNUR.KZ. "СҚ-Фармация" басшысының журналистерден "жұмыс істеуді" сұраған кеңесшісі жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіндегілер айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"СҚ-Фармация" басқарма төрағасының кеңесшісі Салтанат Искаринова өз еркімен жұмыстан кетті", - деді ведомстводағылар.

Бұрын Искаринова Facebook желісіндегі парақшасында журналистерді "хайп" жасағасы келеді деп айыптап, "жұмыс істеуін" сұраған.

Кейін әлеуметтік желідегі жазба өшірілді.

"СҚ-Фармация" компаниясындағылар жазбаға байланысты пікір білдірді және басшылық оған қатысты тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Кейін Салтанат Искаринова журналистерден кешірім сұрап, Facebook желісінде жазба жариялаған еді.

"Мен, Салтанат Искаринова, "СҚ-Фармация" кеңесшісі ретінде өз атымнан және "СҚ-Фармация" компаниясының атынан журналистер мен барлық БАҚ алдында айтқан сөзім үшін кешірім сұраймын. Бұл енді қайталанбайды, тағы кешірім сұраймын", - деп жазды Искаринова.