СҚО-да 36 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

0
2 306

Күдікті Аққайың ауданы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


СҚО-да 36 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. СҚО-да күйеуі сабап, түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен әйел көз жұмды, деп жазады Azattyq Ruhy.

2021 жылғы 16 ақпан күні «Аққайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ ҚММ-ге көптеген дене жарақаттарымен 1984 жылы туған аудан орталығы Смирново ауылының тұрғыны жатқызылды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен Аққайың ауданы ПБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

2021 жылы 20 ақпан жәбірленуші ауруханада көз жұмды. Құқық бұзушылық құрамы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қайта сараланды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2021 жылғы 13 ақпан сағат 19.00 шамасында туындаған жанжал кезінде 1968 жылы туған аудан орталығының тұрғыны өз үйінде әйел адамға дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Жарақат алған әйел дәрігерлерді шақырмай танысының үйінде екі тәулік жатып қалған. Жәбірленушінің анасы жүгінген соң, полиция қызметкерлері медициналық көмекке мұқтаж әйелді анықтады. Ол аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Күдікті аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚПК 128-бабы тәртібі бойынша ұсталып, Аққайың ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды.